Ол енді террорлық қауіп төндірді, нәсілшілдік алауыздықты дәріптеді деп айыпталды. Эйнулла Фатуллаев түрмеге сәуір айында отырғызылған болатын. Әзірбайжан әскерінің беделіне нұқсан келтірді деп екі жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Енді оған жаңа айыптар тағылды. Эйнулла Фатуллаев Иран мен Әзірбайжан арасында соғыс бола қалса қандай ғимараттар бомбылануы мүмкін деп, тізімін жариялаған. Прокуратура осылайша ол террорлық қауіп төндірді дейді. Эйнулла Фатуллаев тәуелсіз журналист болғаным үшін қудаланып отырмын дейді.