Әзірбайжан, Грузия, Украина, Польша және Литва президенттері Қара теңіз бен Балтық теңізі арасында мұнай құбыржолын салуға келісті. Жоба құны 700 миллион доллар. Келісімге кеше Вильнюс қаласында қол қойылды. Бұл – көптен бері айтылып келе жатқан "Одесса-Броды" құбыржолын салу арқылы, Қара теңіз портына келіп жатқан әзірбайжан мұнайын Батыс Украинаға жеткізу, одан ары Польша арқылы Балтық теңізінің портына апару жобасы. Литва өкілі бұл жобаға Қазақстанды қосылуға шақырып отырмыз деді. Жоба бойынша мұнай Еуропаға Ресейді айналып шығарылмақ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?