Accessibility links

Фатах партиясымен қайта бірігу келіссөзін жүргізуге әзір екендігін Хамас мәлімдеді


Палестинаның бұрынғы үкімет басшысы, Хамас жетекшісі Исмайл Хания, веб парақшадағы хабарында, тіпті Газа аймағына бақылауын да доғаруға әзір екендігін білдірген екен. Газаны Фатах партиясынан Хамас тобы маусым айында тартып алған болатын. Ол әрекет уақытша ғана деген еді, Хания. Өзінің басшылығын мойындап, Газаға бақылауын тоқтатпайынша Хамаспен сөйлесулер өткізбейтіндігін Палестина президенті, Фатах басшысы Махмуд Аббас мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG