Қазақстан мен Иранның Каспиий жағалауындағы порттарының ынтмақтастығы туралы тағы бір маңызды құжатқа екі жақ өкілдері қол қоймақшы. Сонымен бірге Н.Назарбаев Тегеран қаласында тұрғызылған Абай ескерткішінің ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде. Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым қатынас 1992-ші жылы орнаған. 2006-шы жылдың жағдайымен екі ел арасындағы сауда экономикалық байланыс 2 млрд долларды құраған.
Қазақстандағы тәуекелдікті бағалау тобының жетекшісі Досым Сатпаев Қазақстан мен Иран арасында қандай бір мәселе бойынша бір бірімен келісе алмай отырған проблема жоқ дегенді айтады.
- Мысалы, Каспий теңізіндегі мұнай кенішіне байланысты Иран мен Әзірбайжан өз арасында таласып отырса, Қазақстан мен Иран арасында ондай талас жоқ. Алайда Қазақстан Иранмен мұнай-газ саласында бірлесіп жұмыс істеуге ықылас танытып, оған Иран қарсы болмағанымен, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі айғай-шу Қазақстан басшылығын ондай қадамға барудан тоқтатып, бейтарап болуға итеріп отыр, - дейді Д.Сатпаев.
Қазақстанда шығатын «Мысль» журналының бас редакторы Сейдақмет Құттықадам Қазақ даласы мен Иран елі арасында тым ертеден мәдени, тарихи байланыстың болғанын, ол байланыстың енді-енді қайтадан өз жалғасын таба бастағанын айтады. «Айқын» газетінің саясат бөлімінің меңгерушісі Қуанышбек Қари алғаш тәуелсіздік алған Орта Азия елдеріне өз ықпалдарын жүргізу үшін кезінде Түркия мен Иран екеуі бәсекеге түсіп, ақыры Иран бұдан шеттетіліп қалды дегенді айтады. Бұған діни фактор, яғни парсылардың ислам дінінде шийіт ағымын ұстанатындықтары, ал Орта Азия халықтарының ислам дінінің сүннит ағымын ұстанатындықтары тағы өз әсерін тигізді дейді ол.
Саясаттанушы Д.Сатпаев сейсенбі күні Тегеранда басталғалы отырған Каспий жағалауы елдері басшыларының екінші саммитінің қортындысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесінде осы елдер қандай бір шешімге келе алады дегенге онша сенбейтіндігін айтады.
Ал тәуелсіз журналист С.Құттықадам осы жолғы саммитте қандай бір шешім қабылданып қалар деген ойда екендігін білдіреді. Ирантанушы Қ.Қари осы жолғы саммитте теңіздің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі шешле қоймайды, бұл мәселе әлі талай саммитке арқау болады деген пікір айтады.