Accessibility links

Ресей баспасөзі Теһранда В.Путиннің өміріне қастандық жасалатынын хабарлады


ТЕҺРАН: Ресей президенті В.Путин, жоспарланғандай, Теһранға бүгін кешкісін ұшып келеді. Бүгін Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Әли Хосейни ағылшын тіліндегі телеарнаға берген сұхбатында осылай деп хабарлады. Оның қарсаңында барлау қызметтеріне сілтеме жасаған Ресейдің баспасөз құралдары хабарлағандай, жанпидашыл-террористердің тобы В.Путиннің өміріне қастандық жасауға немесе оны ұрлап алып кетуге әзірленіп жатқан көрінеді. Дәл қазір В.Путин Германияда неміс канцлері А.Меркельмен келіссөз өткізу үстінде.
XS
SM
MD
LG