Accessibility links

Путинге қастандық жасалады деген хабарлар Каспий теңізі саммитіне көлеңкесін түсірді


Дүйсенбі күні кешке Техрандағы Каспий теңізі аймағындағы елдердің саммитіне баратын Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасалу мүмкіндігі оның сапарына көлеңке түсіріп отыр. Қазанның 14-і күні ақпарат көздері Ресейдің қауіпсіздік қызметінің мәліметтеріне сүйеніп, Иранда Путинді нысанаға алған жанкештілік шабуыл дайындалып жатыр деген ақпарат таратты.

Путинге қастандық жасалу мүмкіндігі туралы біраз ақпарат айтылып отыр. Германияда сапармен жүрген Владимир Путинге Висбаден қаласындағы журналистер тарапынан қойылған сұрақтардың қатарында да, сол қастандық жасау мүмкіндігі туралы сауал болды. Осыған дейін Ресей президентінің Техрандағы саммитке баратын-бармайтыны туралы анық болмаған еді, бірақ Путин әлбетте өзінің Иранға баратынын нақты қадап айтты.

Бірақ, қастандық жоспары туралы хабар Иранды ашуландырып, Иран ресмилері Техран мен Мәскеу байланыстарына іріткі салу үшін ол ақпаратты қолдан жасап отыр деп Батыс баспасөзін айыптады. Иранның Сыртқы істер министрі Техранда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, саммитке келетін Путиннің мінетін арнайы көлігі дайындалып қойылғанын айтты.

Иранның қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Хоссейн Ариян Фарда радиосына берген сұхбатында, Иранның ол Ресей президентіне жасалады деген қастандыққа қатысы бар дегенге күдікпен қарайтынын айтты:

“Иранның барлау ұйымдары айтарлықтай мықты. Мен ондай жағдай Иранда болады деп ойламаймын. Десе де, оны кім жасамақшы? Сондықтан, менің пікірімше біз бұл ақпаратқа жағдайды бұзу мақсатында жасалған қауесет ретінде қарауымыз керек. Бәлкім, кейбір елдер оның ішінде Құрама Штаттар, президент Путиннің Техранға барғанын, оның президент Ахмединежадпен қатар отырғанын қаламайтын болар”.

Ресейдағы бақылаушылар да Иранның оған қатысы болуы мүмкін дегенге күмән келтіретіндіктерін айтып отыр. Ресейдің Ғылым Академиясындағы Шығыс зерттеулері институтының Иран департаментін басқарушысы Нина Мамедованың айтуынша, Иран Ресейдің қолдауын қажет етеді, сондықтан ондай шабуылдың болуы мүмкін емес:

“Менің пікірімше, егер Иранда қастандық жасау әрекеті дайындалып жатса, біздің елдің басшысы оның басты элементі болмайды, лай дейтініме бірнеше себеп бар, өйткені Ресей өзінің әлемдегі орнын бекемдеп жатыр. Мен ол әрекетті Ирандықтар тарапынан деп ойламаймын, себебі Иран халқы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ресей мен Қытайға иек артады. Сондықтан, олар күткендей санкциялар өте күшті болмауы мүмкін”.

Қастандық туралы айтылғандар рас не өтірік болса да бұл Путин үшін өз елінде де шет елде де тиімді болады. Желтоқсан айында Ресейде парламенттік сайлаулар өтеді, тіпті ең маңыздысы Путиннің президенттік екінші мерзімі аяқталып, 2008 жылдың наурыз айында президенттік сайлау болады. Путин Ресейде өте танымал тұлға, сондықтан ол өзінің саяси ықпалын үшінші мерзімге ұзарту немесе елдің премьер министрлігіне келуін ойластырып жатыр. Президентке қарсы қастандық ұйымдастырылуда деген немесе қауіпсіздік қатері туралы қоғамда көп айтылуы елдің жалғыз қорғаушысы ретінде кеңінен көрініп қалған Путин билікте қалуы тиіс деген қоғамдық пікірді бекітуге көмектеседі.

Ал, Ресейден тыс жағдайды алатын болсақ Мәскеудің Техранмен байланыстары Батыспен келіссөздердегі пайдалы құралға айналып отыр. Онымен қоса Иранның Бушер атом электр стансасындағы ынтымақтастығы уран байытуын тоқтатпай отырғаны үшін Иранға санкция салуды алға тартып отырған Уашингтон жағының алаңдаушылығын тудырып келеді.

Путин өзінің Иранға қатысты ұстанымын қазанның 12-дегі Мәскеуде өткен АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесуінде қайталады.

Сонымен қатар, Путинге қастандық жасалады деген ақпарат Каспий теңізі аймағындағы елдердің Техрандағы саммитіне екі күн қалғанда шығып отыр. Ирандағы ол жиынға Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан және Қазақстан елдерінің жетекшілері қатысып, теңіздің мұнай байлығын бөліседі.

Бұл саммит ұзақтан бергі яғни, 2002 жылы Ашхабадта өткеннен кейінгі екінші басқосу болмақ. Сонымен қатар, Путиннің бұл жиынға баруы, 1943 жылы Иран Ислам Республикасына Иосиф Сталин барғаннан бергі Кремьл басшысының алғашқы сапары болып отыр. Путин саммит аясында Иран президенті Махмуд Ахмединежадпен кездеседі деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG