Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері 2005 жылы Әндіжан оқиғасынан кейін өзбек ресмилеріне енгізілген виза шектеулерін уақытша алып тастамақшы. Люксембургтағы жиынның алдында сөйлеген сөзінде Еуроодақтың сыртқы қатынастары бойынша комиссары Бенита Ферреро-Уалднер бұл шешім шартты түрде жасалады деп мәлімдеді. 2005 жылдың мамыр айында Өзбекстанның қауіпсіздік күштері Әндіжандағы наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң Еуропа Одағы қару-жараққа қатысты санкциялар мен елдің кей жоғары лауазымды өкілдеріне виза шектеулерін енгізген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?