Accessibility links

Өзбек түрмесінде жатқан Мұтабар Тожибоеваның денсаулығы қатты нашарлады


Ирландия адам құқықтарын қорғау ұйымы өзбек түрмесінде жатқан қоғамдық белсенді Мұтабар Тожибоеваның денсаулығы қатты нашарлады дейді. Мұтабар Тожибоева осыдан екі жыл бұрын қамалды, Дублин қаласына конференцияға қатысуға дайындалып жүрген сол кезде. Ол сегіз жылға түрмеге отырғызылды. "Фронт лайн" ұйымының директоры Мэри Лаулор Мұтабар Тожибоева біркісілік камерада ұзақ уақыт қамалып отыр, оған тиісті медициналық жәрдем көрсетілмей жатыр деп жазды Өзбекстан әділет министрі Бұритош Мұстафаевқа жолдаған хатында.
XS
SM
MD
LG