Accessibility links

Президент Буштың айтуынша, егер Иран ядролық қаруға ие болса “Үшінші Дүниежүзілік соғысы” басталуы мүмкін


АҚШ президенті Джордж Буш Иран ядролық қаруға қол жеткізсе, ол “Үшінші Дүниежүзілік соғысына” алып келуі мүмкін деп ескертті. Себебі, Иран президенті Махмұд Ахмадинежад Израильді жоюды қалайтынын жариялаған болатын, деді Буш. Ақ Үйде өткізген баспасөз-маслихатында президент Буш Үшінші Дүниежүзілік соғысын болдырмау үшін Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу керек деп мәлімдеді. Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деген айыптарды ресми Теһран жоққа шығарып отыр. Ядролық бағдарламамыз бейбіт мақсатты көздейді, дейді Иран ресмилері.
XS
SM
MD
LG