Accessibility links

Ресейді Путин басқарған кезеңде «корпоративтік билік» үлгісі пайда болды


Ресей президенті Владимир Путин мықты басшы да шығар. Алайда ол елді жеке басқарып отырған жоқ. Негізінен Путин Ресейді басқарып отырған ұжымның әлеуметтік беті ғана. Негізінен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагерлерінен құралған бұл басшылық ел экономикасын басқарып, саяси билікті де бақылап отырады.

Владимир Путин президент ретінде Совет гимін қайта жаңалады, Кремльшіл, патриот жастар тобын құрды, КГБ офицеріне тән сыпайы мәдениетті қалыптастырды, дейді «Азаттық» радиосының тілшісі Брайн Витмор. Осыған қарамастан Ресей президенті бұрынғы Советтік дәуірді қайта қалпына келтіргісі жоқ. Советтік экономика мен идеологияны ол қалмайды. Ендеше Ресейдің жүріп өтпекші жолы- жаңаша сипаттағы, ауторитарлық, әрі корпоративтік мемлекет жүйесі. Осыдан 8 жыл бұрын билікке келгелі бері Путин өзін қатаң тәртіп иесі, дара тұлға ретінде көрсете білді. Ал, шынтуайтына келгенде, Ресейді Кремльдің ұжымдық басшылығы, яғни директорлар кеңесі басқарып отыр. Кейбір сарапшылар тіпті оларға Корпорация деп ат та қойып үлгерді.

“Менің ойымша, олар- бес адам. Путин мен Сергей және Виктор Ивановтар, Игорь Сечин және Николай Патрушев. Бұлар Путинмен алғашқы сәттен бастап бірге келеді. Міне осы адамдар қазір өмір сүріп отырған мемлекеттік жүйені бірлесіп, ойлап тапты”, - деді Ресей Ғылым академиясының Социология институты жанындағы орталық басшысы Ольга Кристановская.

Олардың бәрі де жас шамасы жағынан 50-дің ішіндегі КГБ ардагерлері, бәрі де Санк-Петерборлықтар. Ресейді мықты мемлекет ретінде елестететін олар, өз мақсаттарына жетулері үшін 2008-ші жылдың наурызында болатын президенттік сайлаудан кейін де “Путин ұжымының” билікте қалу мүмкіндігін қарастырулары қажет. Демек, аталған топты мығым күйінде сақтау үшін, топ мүшелері арасында жеке басты, саяси және коммерциялық негізде болуы мүмкін жанжалдарды басып отыру, сондай-ақ ол топтан бір адамның аса ықпалды болып кетпеуін қадағалау қажет болады.

Осы айдың басында Путин мырза желтоқсандағы парламенттік сайлауда кремльшіл Біртұтас Ресей партиясының үміткерлер тізімін өзі бастайтындығын айтқаннан кейін-ақ алып-қашпа сөздер көбейіп кетті. Атап айтқанда, таяу арада пәрменді үкімет басшысының кеңсесі елдегі президенттік билік құзырын өзіне алуы мүмкін. Егер “Путин ұжымының” қалыптастырған жүйесі одан әрі өмір сүрсін десе, онда Путин бұл ойында одан әрі де қала беруі тиіс болады, дейді сарапшылар.

Путиннің аталған ортасы Ресей экономикасына да бақылау орнатып отыр. Мысалы, Сечин - Роснефьттің төрағасы, Сергей Иванов жаңа құрылған Біріккен әуе компаниясын басқарады. Виктор Иванов болса, зымыран шығаратын мемлекеттік монополия мен Аэрофлот директорлары кеңесін басқарады. Патрушевтің бір ұлы - Роснефьт кеңесі кеңесшісі, ал екіншісі - Внешторгбанктың төраға орынбасары. Аймақтық губернаторлар мен президенттік өкілдіктер арқылы “Путин ұжымы” тұтас Ресейге бақылау орнатып отыр. Ресей басшылығындағы ресмилердің 26 пайызы силовиктер, дейді сарапшылар талдауы.
XS
SM
MD
LG