Мемлекеттік департамент өкілі Том Кейси АҚШ Ираннан тұтқынға алынған Емадедди Бахи мен басқа да адам хұқын қорғаушы белсенділерді тез арада бостандыққа жіберуді сұрап отыр деді. Түрмедегілердің хұқын қорғау комитетін басқаратын Бахи бірнеше рет абақтыға қамалған болатын, соңғы рет ол жексенбі күні насихат жүргізді және құпия құжаттарды жариялады деген айыппен ұсталған еді.