НАТО-ның Ауғанстандағы бас әскери қолбасшысы генерал Дан МакНиллдің мәлімдеуінше, радикалды Талибан соғысушыларына тасымалданатын заңсыз қару-жарақ туралы Иранның ешнәрсе білмеуі түсініксіз. АҚШ генералы қыркүйек айында Ауғанстанның батысында НАТО күштері тарапынан тәркіленген күрделі жарылғыш заттар жөнінде мәлімдеме жасаған болатын. Географиялық тұрғыдан алғанда ішінде жарылғыш заттар болған ол үлкен жүк анық Ираннан келген, деп мәлімдеді МакНилл. Басқа да хабарларға қарағанда, Ауғанстанның оңтүстік-шығысында орын алған жарылысқа байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алды. Ол шабуылдан 4 полиция қызметкері қаза тапқан-тұғын.