Еуропа Одағының басшылары одақтың билік органдарын реформалау жөніндегі құжат бойынша келісімге келді. Бұл туралы Еуроодақ басшыларының Португалияда өткен басқосуынан кейін мәлім болып отыр. Аталған келісім 2005 жылы Франция мен Голландия сайлаушылары қабылдамай қойған Еуроодақ конституциясы жобасының орнын басады делінеді. Оны Еуроодаққа мүше 27 елдің бәрі бекітсе, жаңа келісім 2009 жылы өз күшіне енетін болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV