ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, Осман империясының тұсындағы шамамен 1.5 млн. армянның қырылуын “геноцид” деп тану туралы Қарар Конгрестің Өкілде палатасында дауысқа қойылмайтын сияқты. Мемлекеттік департаменттің өкілі Том Кейси хабарлағандай, Дж.Буштың әкімшілігі әлгі Қарарды дауысқа қою үшін оны қолдайтындардың жетіспейтінін атап көрсеткен Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелоусиді қоштады. Ақ үй мен ресми Анкара ол Қарар қабылданатын болса, АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасын бұзатынын ескерткен болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өкіл әкенің" тұтқындалуы
Қырғызстан мен Өзбекстан ұйымдасқан қылмыспен қалай күресіп жатыр?
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
"Махмет ешкімге бейімделмейді". Қозыбаев Құлмағамбетті неге қаралады?