КАРАЧИ: Әлем қауымдастығы Пәкістанның Карачи қаласындағы кемінде 135 адамның қазасына себеп болған қастандыққа ащы наразылығын білдіру үстінде. Атап айтқанда БҰҰ-ы, АҚШ, Еуропа Одағы, Ресей, Үндістан және Аустралия осындай мәлімдеме жасады. Жарылыстар – жұмаға қараған түні 8 жылдық қуғыннан оралған Бхуттоны қарсы алу үшін жиналған бұқара халықтың қақ ортасында болды. Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, 500-дей адам жараланып, Бхуттоның өзі дін аман. Пәкістан президенті П.Мушарраф бұл қастандықты “демократияға қарсы арандатушылық” деп бағалады. Бұл – Пәкістан тарихындағы ең ірі террористік қастандық болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
AzattyqTV