АСТАНА: “ҚазАтомӨнеркәсібі” ұлттық атом компаниясы Жапонияның “Toshiba Corporation” фирмасымен арада “Westinghouse” (Westinghouse Electric Company LLC) холдинг компаниялары акцияларының 10 пайызын сатып алу туралы келісім-шартқа қол қойды. Ол туралы Қазақақпарат ұлттық агенттігіне “ҚазАтомӨнеркәсібі” ұлттық компаниясының баспасөз-қызметі хабарлады. Келісім-шарттың шығынын ұлттық атом компаниясы өз есебінен төледі. Аакциялар “ҚазАтомӨнеркәсібі” мен “Toshiba” компанияларының арасындағы стратегиялық әріптестік негізінде сатылды. Нәтижесінде қазақ компаниясы “Westinghouse”-дың ядролық бизнесі иесінің біріне айналды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV