ЛОНДОН: Бүгін Еуропа Одағының ортақ валютасы – еуроға шаққандағы АҚШ долларының құны бұрын-соңды болмаған ең төмен бағасына дейін арзандады. Халықаралық валюта саудасында 1 еуроның бағасы – ортақ валюта шыққан 1999-ыншы жылдан бергі ең биік көрсеткіші - 1 доллар 43 центтен асып жығылды. Қаржы сарапшыларының пікірінше, доллардың арзандауына АҚШ экономикасындағы жаңа проблемалар туралы деректердің шығуы себеп болды. Оған қоса 1 баррель мұнайдың бағасы да 90 долларға бір-ақ жетсе, алтын да қымбаттай түсті.