Accessibility links

Орта азиялық еңбек мигранттарының құқығы Ресей мен Қазақстанда жиі бұзылады


Жұмыссыздық пен кедейлік тауқыметі Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанның миллиондаған адамын Орта Азия немесе одан да шалғай жерлерден жаппай жұмыс іздеп кетуіне мәжбүр қылды. Ресей мен Қазақстан билігі өздерінің экономикасындағы жетістіктер еңбек мигранттарының көмегімен екенін айтады. Бірақ, шындығында бұл елдердегі шетелдіктерді жеккөрушілік пен шектеулерге тап болып отырған, тіпті кейде қазіргі заманғы құлдықта жүрген мигранттардың құқығын қорғау үшін ресми тараптың атқарып отырған ісі шамалы ғана.

Ауылшаруашылық Дамулар жөніндегі халықаралық қордың қазанның 18-де шыққан жаңа есебінде айтылғандай, Орта Азиялық экономикада екі ел атап айтқанда, Тәжікстан мен Қырғызстан сырттан келетін табысқа тәуелді. Онда басқа елдерден қаражат тауып үйіне әкелетін еңбеккерлері мен басқа да шетте жүрген азаматтарының табысы шамамен Қырғыз және Өзбектердің үштен бір бөлігінің жалпы ұлттық өнімімен теңдей болып отыр.

Ауылшаруашылық Дамулар жөніндегі халықаралық қордың атап көрсетуінше, шетте жүрген өзбектер өз елінің экономикасына жалпы ішкі өнімнің 17 пайызын құрайтындай 2,9 млрд доллар әкеліп отыр.

Сөйтіп, напақа табамыз деп қиындықты бастан өткеріп жүрген еңбек мигранттары елінде қалған өз отбасыларын асыраумен қатар елдің экономикасына да қолдау жасап келеді. Орта азиялықтардың еңбек мигранттарының негізінен баратын жері Ресей мен Қазақстан болса, бұл екі елде оларға деген қарым-қатынас нашар болып, қара жұмыс іздеп келгендерді кемсітіп қорлайды.

Орта Азиялық босқындар мен еңбек мигранттарына қолдау жасайтын Мәскеудегі көші-қон және заң орталығының заңгері Манзура Каримованың Азаттыққа айтуынша, олардың орталығына ай сайын қорлық көрдік деген өзбек немесе тәжіктерден 200-дей шағым түседі екен. Каримованың сөзіне қарағанда, олар өздерінің құқын жұмыс берушілер, тіпті Ресей полициясы мен ұлтшыл топтар бұзатынын айтып шағымданған:

“Еңбек мигранттарын жалдағанда жұмыс берушілер бірінші кезекте оларға мүмкіндігінше аз төлеу туралы ойлайды. Еңбек мигранттары аздаған ақшаға қандай жұмыс болсын алуға дайын, себебі Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы еңбек ақымен салыстырғанда, Ресейдегі айтарлықтай көбірек”.

Ресей мен Қазақстанға жұмыс іздеп заңды түрде немесе көбіне заңсыз жолмен келетіндердің біразы соңында құл ретінде жұмысқа салынады.

Маусым айында Ресейдің Орловский облысында 18 өзбек құлдықтан босатылды. Ресейдің Федералды Қауіпсіздік қызметінің өкілі Марина Костикова айтқандай, олардың құжаттары тартып алынып, күніне 24 сағат демалыссыз жұмыс істеп келген. Қашып кетпекші болғандарды ұрып-соққан, олардың мұндай жағдайы жайында ол жердегі төрт өзбек құтылып шыққан соң ғана биліктің назарына ілікті.

Осы жылдың басында Қазақстанның Ақтөбе қаласындағы бірнеше кәсіпкер 15 өзбектің құқын бұзғаны үшін сотқа тартылды. Онда заңсыз еңбеккерлер оның ішінде бойжеткен қыздарды ұрып соғып, зорлық көрсетіп қорлаған, жезөкшелікке мәжбүрлеп келген. Адам құқын бұзғандар түрме жазасына кесіліп, сынақ мерзімін алған.

Мәскеудегі Азаматтық қолдау комитетінің Орта Азиялық саяси босқындар бағдарламасынан Елена Рябинина Азаттық радиосына берген сұхбатында, Ресейде шетелдіктерді жек көрушілік әлі де күшейіп тұрғанын және Украина, Белорус сияқты славяндықтарға ұқсамағандығынан Орта Азиялық мигранттар жиі шектеуге тап болатынын айтады. Оның сөзіне қарағанда, таяуда Мәскеу мэрі Юрий Лужков, бұл жағдайды дилемма деп атаған. Онда Лужков бақылауға алынбаған миграция ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін деп Ресейдің егемендігіне алаңдаушылық танытқандай болған. Ол сондай-ақ, қазіргі көші-қон заңы тым босаңдау, өзгерістерді қажет етеді деген.

Рябининаның пікірінше, Лужковтың ол айтқандары елдегі ксенофобияға яғни шетелдіктерді жеккөрушілікке май құя түседі.

Ал, Алматыдағы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықарылық бюроның жетекшісі Виктория Тюленеваның айтуынша, Ресейдегі сияқты Қазақстандағы еңбек мигранттары да қиындық жағдайда қалып отыр. Оның айтуынша, Қазақстан билігі екі жақты саясат ұстанып отыр. Мигранттардың ел экономикасына қоса жатқан үлесін сөзбен мақтап, бірақ іс жүзінде олардың құқық қорғау үшін ештеңе жасап жатқан жоқ дейді.

Сол сияқты ресейлік Елена Рябинина Ресейдегі демографиялық ахуалдың дағдарысты жағдайын суреттей отырып, ұлттық экономикаға қолдау танытып жатқан мигранттарды елге тарта түсудің қажеттігін түсіну жетіспейді деп отыр. Ресейдің “Новые Известия” газетінде шыққандай, Ресейде өткен жылы 103 мың еңбек мигранты заңды түрде тіркелген болса, 1,5 млн өзбекстандық мигрант заңсыз жүр екен.

Қазақстанның Еңбек министрлігі алдағы бірнеше жылда еңбек күшіне қажеттілік өсіп, жылына 60 мың жұмысшы керек болады деген.
XS
SM
MD
LG