Accessibility links

АҚШ экономика профессоры: Доллардың осы құлағаны құлаған


Жексенбі күндері Вашингтонда өтетін Халықаралық валюта қоры мен Әлемдік банк саммитінің күн тәртібінде ең алдымен ғаламдық несие дағдарысы мен АҚШ долларының құнсыздануы мәселелері талқыланбақшы. Джорж Вашингтон университетінің экономика профессоры Фредерик Юууз Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында американдық валюта құнының төмендеуі жалғаса береді деген болжам айтады.

Өткен аптада Халықаралық валюта қорының қызметінен кетіп бара жатқан басқарушы директоры Родриго Радо доллар қайта көтерілуі керек, өйткені ол қазір дұрыс бағаланбай отыр деп айтқан еді алдымен. Бірақ бұдан соң іле-шала қазанның 17-і күні Халықаралық валюта қорының жариялаған есебі директордың айтқандарына қарама-қайшы болып шықты, аталған есепте доллар қазір артық бағаланып отыр, ол алдағы уақытта тағы да төмендей береді деп жазылған болатын.

Вашингтондағы Дж.Вашингтон университетінің экономика профессоры Фредерик Юууз Халықаралық валюта қорының есебінде жасалған бұл болжамға өзінің қосылатындығын айтады. Азаттық радиосының не себепті доллар бағамының төмендеуі жалғаса береді деп ойлайсыз деген сауалына профессор былай деп жауап береді:

- Біздің көріп жүрген бағаларымыз - бұл ғаламдық нарықтағы сауданың қалай жүріп жатқандығы. Бірақ егер біреу сауда-саттық үлгісіне және халықаралық қаржы ағысының үлгісіне қарайтын болса, басқа валюталарға қарағанда доллардың құны төмендеп бара жатқанын айқын көрер еді.

Ол доллармен салыстырғанда таңдаудың еуроға көбірек жасалуының басты себебі экономиканың өсуі мен инфляция жағдайы АҚШ-тан гөрі Европада жақсырақ деп атап көрсетті:

- Міне сол себепті де еуро өтімдірек, ал адамдар болса, еуромен сатып алып, мүлкі болса оны еуромен сақтауға тырысады, - дейді.

Ал Европа елдері доллардың төмендеуі мен еуроның өсуінен АҚШ нарығында сатылатын таураларымыз қымбаттап, оның өтімділігі азаяды, ал бұның өзі экономикамызға теріс ықпал етеді деп алаңдайды. Бұл ретте АҚШ экономика профессоры ондай жағдайда олардың басқа нарықты таңдау мүмкіндіктері бар деп жауап береді. Немесе өз іштерінде өндіріп, өздерінде саудалауына болады дейді ол.

- Доллардың құнсыздана түсуіне әсер ететіндей АҚШ экономикасында не болып жатыр?

- Бұл жерде біз басын ашып айтатын бірнәрсе ол – ипотека жүйесіндегі дағдарыс, банктер үй сатып алушыларға өте үлкен сомада несие берген, ал олардың көпшілігінің оны қайтару мүмкіндігі жоқ. АҚШ-та сенімсіздік туғызып отырған бір жағдай осы және оның экономикалық өсуге теріс ықпал етіп отырғандығы айқын, мұның өзі экономикалық өсудің күтілгендегіден төмен болған жағдайында. Екінші жағынан алғанда АҚШ әлемдегі ең үлкен өндіруші ел, ал басқа елдер болса бізді қуып жеткісі келеді, біздің қаншалықты қарқынды дамығанымызға қарамастан олар бізді қуып жетіп, басып озғысы келеді, - дейді экономика профессоры Фредерик Юууз.

- Ондаған жылдар бойына АҚШ экономикасы әлем экономикасының бастаушысы болды, енді әлем АҚШ экономикасын қуып жетуге жақын болса, онда әлем экономикасы қазір қандай деңгейде?

- Біз аздап болса да шынайы қарасақ, бізде жер шары халқының 5-6 проценті тұрады, әлемдік экономиканың 20-25 процентін құраймыз. Барлық жерде де елдер экономикасымен, білім жүйесі, технологиясымен бізге жетуге тырысуда. Сондықтан біз өзімізге басымдық беретін, ақша жасай алатын тауарларды ғана сатуымыз керек, - деп ойын түйіндейді профессор.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG