Accessibility links

Иран ядролық бағдарламасының мәселесі бойынша делегацияның бастығы қызметінен кетті


Бұл жайында бүгін ресми жарияланды. Әли Лариджанидің кетуіне не себеп болғаны анық емес. Оның орнын сыртқы істер министрінің орынбасары Саид Жалили басады деп айтылды. Әли Лариджани халықаралық дауға тап болған ядролық бағдарламасының мәселесі бойынша келіссөз жүргізетін ең үлкен тұлға болған. Иран мен Еуропа Одағы мәселені енді қайта сөйлесе бастамақ. Жаңа келіссөздерге үш күн қалғанда Әли Лариджани қызметінен алынды. Еуропа Одағының өкілі Хавиер Солана келіссөз бұған қарамастан өте береді деді.
XS
SM
MD
LG