Accessibility links

Қырғызстанда бүгін жаңа конституция бойынша референдум өтіп жатыр


Қырғызстанда, жалпы, 2 миллион 700 мыңдай сайлаушы бар. Орталық сайлау комиссиясы түске дейін сайлаушылардың 70 пайызы дауыс берді, сайлаушылардың белсенділігі жоғары деп жариялады. Кейбір тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру ережелері бұзылды дейді. Негізгі өзгерістің бірі – парламенттің барлық депутаттары енді партия тізімдері арқылы сайланбақ. Референдум барысын 130 шақты халықаралық бақылаушы мен 10 мың шақты жергілікті бақылаушы қадағалап жатыр. Референдумның алдын-ала қортындысы бүгін кешке шығарылмақ.
XS
SM
MD
LG