Ливан парламентінің спикері Наби Берридің хабарлауынша, елдің жаңа президентін сайлау үшін парламенттік дауыс берулер қазанның 23-нен қарашаның 12-не қалдырылды. Оның айтуынша, бұл кейінге қалдыру қарсылыс ек жақ, сирияшыл және сирияға қарсы топтардың президенттіке кандидат бойынша бір мәмілеге келуіне көбірек уақыт беру үшін жасалып отыр. Бұл парламенттік дауыс берулерді екінші рет кейінге қалдыруы. Жаңа елбасшы мерзімі қарашаның 23-де аяқталатын сирияшыл президент Эмиль Лахудтың орнына келуі керек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты