Accessibility links

Бүгін Косовоның келешегі туралы келіссөздер Венада қайта жалғасты


Бүгін Венада Сербия ресмилері мен Косовоның этникалық албандары кездесіп жатыр. Олар халықаралық арағайыншы елдермен Косовоның келешегі туралы келіссөздердің жаңа сатысын бастады. Осыған дейінгі келіссөздер нәтижесіз болған. Сербия Косовоға кеңірек автономия ұсынады. Бірақ, Косово албандары тәуелсіздік алсақ дейді. Ассошейтед пресстің хабарына қарағанда, арағайыншы елдер Сербтер мен Косово албандарына бір шешімге келуге жол ашатындай жаңа жағдайлар тізімін ұсынып отыр. 14 бөлімнен тұратын ол құжатта тәуелсіздік туралы нақты айтылмаған.
XS
SM
MD
LG