Accessibility links

Түркия күштері күрдтерден қауіп күшейген соң Ирақ шекарасына бет алды


Хабарларға қарағанда, жексенбі күнгі Күрд көтерілісшілерінің 17 түрік әскерін өлтірген шабуылынан кейін, Түркия Ирақ шекарасы маңындағы әскерін күшейтіп жатыр. Ассошейтед пресс агентігінің хабарлауынша, бүгін Түркия әскерилерінің 50 шақты көлік керуені қару жарақтарымен Ирақ шекарасына жақын Ұлыдере қаласына бет алды. Түркия Ирақта базасы орналасқан Күрд көтерілісшілеріне кек қайтарғысы келеді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Түркияны ұстамды болуға шақырды. Бірақ, Түркия премьер министрі Режеп Тайып Ердоған Уашингтон Ирақтағы көтерілісшілерді бақылау үшін тезірек әрекет етуі керек деген. Күрд көтерілісшілерінің шабуылына жауап беру үшін Ердоған дағдарыс келіссөздерін өткізген.
XS
SM
MD
LG