Әли Бабажан мырза кем дегенде 12 Түрік солдатын өлтірген күрд көтерілісшілеріне қарсы шаралар қолдануын Ирақ ресмилерінен сұрамақшы. Джордж Буш болса, теке-тіресті басу үшін Түркия және Ирақ басшыларымен сөйлесті. Күрд көтерілісшілерімен күресте әріптестік орнататындығына АҚШ президенті өзінің Түркиялық әріптесі Абдулла Гүлге уәде берді. Ол сондай-ақ дүйсенбінің кешінде Ирақ үкімет басшысы Нури әл-Маликимен сөйлесті. Ирақ жерінен күрд көтерілісшілерінің Түркияға шабуылын болдырмауға көмектесуге екі жақ келісті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV