Accessibility links

Ирақ Түркияға күрд көтерілісшілерінен төнген қауіпті жоюға көмектеспекші


Ирақ сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, Бағдад Түркияға сепаратистік күрд көтерілісшілерінен төнген қауіпті жоюға көмектесетін болады. Бұл туралы Хошияр Зебари бүгін Бағдадта Түркия сыртқы істер министрі Әли Бабажанмен өткізген келіссөздерінен кейін мәлімдеді.

“Біз Күрд көтерілісшілерін айтпағанның өзінде қандай да бір топтың Түркиямен біздің қарым-қатынасымызды бұзуына жол бермейміз. Мен өз әріптесімді Ирақ үкіметі бұл қауіптің алдын алуға Түркияға белсенді түрде көмектеседі деп сендірдім”, - деді Зебари.

Алайда Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Түркия Ирақ үкіметінің күрд көтерілісшірене қарсы іс-қимылын көп уақыт бойы күте алмайды деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Лондонда Британия премьер-министрі Гордон Браунмен өткізген келіссөзінен кейін айтты.
XS
SM
MD
LG