Қырғызстандағы сот осыдан бес жыл бұрын наразылық танытушылардың өлтірілуіне бұрынғы екі шенеуніктің қатысы бар деп тапты. Жалалабад аймағындағы бұрынғы прокурор Зоотбек Құдайбергенов пен полицияның бұрынғы басшысы Кубанышбек Тоқобаев 5 жылға түрмеге жабылды. Ал үшінші айыпталушы Ішкі істер министрлігінің бұрынғы бірінші орынбасары Садырбек Дубанаев ақталып шықты. 2002-ші жылдың наурыз айында Ақсы ауданында полиция наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан болатын, оның салдарынан 6 адам қаза тапқан еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?