Конституцияны қазанның 21-де болған референдумда халық қолдап шыққан болатын. Орталық сайлау комиссиясы аталған құжат қабылданды деп шешім шығарғаннан бірнеше минуттардан кейін Құрманбек Бакиев оған қол қойды. Ол сондай-ақ парламенттік ерте сайлаулар желтоқсанның 16-сында болады, деп жариялады.