Accessibility links

Ресей Еуропа Одағымен энергетикалық ескерту жүйесін келісті


Кремль Ресей құбырлары арқылы өтетін мұнай газ тасымалына қатысты кез келген олқылықтар туралы хабарлайтын Ресей мен Еуро Одақтың арасында ертерек ескерту жүйесін құру келісімін оң қабылдады. Ресей президенті Владимир Путиннің Еуропа Одағымен байланыс жөніндегі бас кеңесшісі Сергей Ястржембский, бұл жүйе сұраныс пен ұсыныс мәселесінде туындаған кез келген жағдай бойынша алдын ала мәлімет беріп отырады деген. Ресей Еуропа Одағына Белорус пен Украина арқылы энергия көзін жеткізетін елдердің бірі, өткен жылы Ресей мен Белорус елі арасында бағаға байланысты туындаған дау Еуропа Одағына өтетін мұнай-газ құбырына кедергісін келтірген.
XS
SM
MD
LG