Accessibility links

Күрд көтерілісшілеріне байланысты сөйлесулер үшін Ирақ делегациясы бүгін Түркияға барады


Делегацияны Ирақ Қорғаныс министрі Абдел Қадер Яассим бастап бармақшы. Сапар барысында Ирақтың солтүстігіндегі күрд көтерілісшілеріне қарсы Түркияның әскери шаралары талқыланады. Сәрсенбіде Түрік әскери ұшақтары Ирақпен шекарадағы Күрд жұмысшылар партиясының базаларын атқылаған болатын. Түрік Ұлттық қауіпсіздік кеңесі күрд көтерілісшілеріне қарсы күресте әріптестікке мәжбүр ету үшін Ираққа экономикалық қысым жасауға ел үкіметіне кеңес берді.
XS
SM
MD
LG