Accessibility links

Иран мен Ресей АҚШ-тың Иранға жаңа тиымын айыптады


Бұл тиымдар халықаралық заңдарға қайшы келеді, дейді Иран тарапы. Владимир Путин Иранға жаңа тиымдар салынуына келіспейтіндігін ескерткен болатын. Бұл әрекет келіссөздерге тосқауыл қойып, Иранды тығырыққа тірейді, деді Ресей президенті. Құрама Штаттар Иранның Құдс атты төңкерісшіл жасағына және үш банкке қарсы жаңа тиымдар жариялады. Мұның өзі Иранның зымыран сатуы және ядролық мақсаттары үшін жазалау ретінде салынып отыр, дейді АҚШ ресмилері. Британия Сыртқы істер министрлігі болса, АҚШ-тың бұл жаңа тиымдарын қолдайтындығын мәлімдеді. Сондай-ақ Еуропа одағы тарапынан да Иранға тиымдардың қатаңдануын қолдайтындығын айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG