Accessibility links

Рахат Әлиев оппозициялық саясаткер А.Сарсенбаевтың өліміне Қазақстан президентінің қатысы бар деп айыптады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев “Азаттық” радиосына берген арнайы сұхбатында өткен жылы қастандық құрбаны болған оппозициялық саясаткер Алтынбек Сарсенбайұлының өлімінің артында Қазақстан президенті тұр деп айыптады. "İс жүзінде 2006 жылы ақпан айының басында Қазақстан президенті Австрияда демалып жатқан кезде белгілі қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге Австрия территориясынан бұйрық берілген болатын" деп мәлімдеді Рахат Әлиев. Ал Қазақстан билігі болса, Рахат Әлиевті бірнеше ауыр қылмыстарға тікелей қатысы бар дегенді айтып, оны тележурналист Анастасия Новикованың өлімі мен “Нұрбанк” жетекшілерін ұрлауға жауапты деп отыр.
XS
SM
MD
LG