Accessibility links

Иран президенті Ирақ пен Түркия арасындағы дағдарыстың бейбіт жолмен шешілуін қалайды


Иран президенті Махмұд Ахмадинежад Ирақтың солтүстігінде орналасқан күрд көтерілісшілерін басып-жаншуды қолдайды бірақ бәрібір дағдарыстың бейбіт жолмен шешілуін қалайды. Бұл туралы Ирақ премьер-министрі Нури әл-Маликидің кеңсесі хабарлады. Оның айтуынша, Ахмадинежад мырза Ирақ премьер-министріне телефон соғып, жоғарыдағы мәселені талқылаған. Олар күрд көтерілісшілерінің лаңкесттік әрекеттері Ирақ пен Түркия және Иранның мүдделерін құртады деп келіскен. Қазір Ирақпен арадағы шекарада Түркия күштері шоғырландырылған. Егер Ирақ үкіметі күрд көтерілісшілерінің шекарадағы шабуылдарын тоқтата алмаса, онда әскерилеріміз Ираққа басып кіреді деп ескертті Түркия ресмилері.
XS
SM
MD
LG