Accessibility links

Иран депутаттары Ә.Лариджанидің халықаралық келіссөзден аластатылуына қарсы


ТЕҺРАН: Иран парламентінің бір топ депутаты Ұлттық қауіпсіздік бойынша Жоғарғы Кеңестің хатшысы әрі Иранның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық келіссөзге ресми Теһранның бас өкілі болып қатысқан Әли Лариджанидің қызметтен кетуіне қарсы шықты. Иранның ақпарат агенттіктері хабарлағандай, парламенттің 22 депутаты президент М.Ахмадинеджадтың атына осындай хат жолдады. Өткен аптада Иран басшылығы Ә.Лариджаниді Иранның басты өкілі қызметінен аластатып, ол қызметке президентке жақын саясаткер Саид Джалили тағайындалды.
XS
SM
MD
LG