Accessibility links

Түркия армиясы күрд сепаратистеріне соққы беріп, 15 партизанның көзін жойды


АНКАРА: Түркия премьер-министрі Р.Т.Эрдоган түрік және күрд халықтарын Ирақтың солтүстігін паналаған күрд сепаратистеріне қарсы күресте бірігуге шақырды. Одан бұрынғы хабарларға қарағанда, Түркия армиясының елдің оңтүстік-шығысына жасаған жорығы барысында 15 күрд партизанының көзі жойылды. “Анадолы” агенттігінің хабарлауынша, күрдтердің Жұмысшы партиясы партизандарының іс-қимылына қарсы Түркияның солтүстік-батысындағы наразылық шеруі кезінде жарылыс болды. Әзірше қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Жарылыстың неден болғаны да белгісіз.
XS
SM
MD
LG