Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің өкілдері Иран ресмилерімен ядролық бағдарлама жөнінде келіссөз өткізу үшін бүгін Теһранға келді. Делегацияға МАГАТЭ басшысының орынбасары Олли Хейнонен жетекшілік етуде. Ал Иран жағынан келіссөзге елдің ядролық мәселесі бойынша бас мәлімлегерінің орынбасары Жавад Ваеди басшылығындағы топ қатыспақ. Келіссөз нәтижесіне негізделген баяндаманы МАГАТЭ агенттігі қараша айында жариялайтын болады.