Accessibility links

Ресейде ондаған адамның өліміне айыпты деп танылған кісі өмірлік түрмеге жабылды


Ресейде 48 адамның өліміне айыпты деп танылған Александр Пичушкин өмірлік түрмеге жабылды. Пичушкиннің өзі болса 60-тан астам кісіні өлтіргенін мәлімдеген болатын. Бүгін Мәскеуде сот төрағасы Пичушкиннен сізге қатысты шығарылған үкімді түсіндіңіз бе деп сұрады. Оған ол “мен керең емеспін” деп жауап берді. Дүкенде жұмыс істеген Пичушкин өз құрбандарының не өлуге тиіс екенін, не өмір сүруі керектігін өзі шешіп, өзін Құдайдай сезінгенін айтады.
XS
SM
MD
LG