Accessibility links

Иран президентіне қарсы студенттердің наразылығы барған сайын арта түсуде


ТЕҺРАН: Кеше Теһрандағы студент қалашығының бірінде президентке қарсы үндеулер көтерілген наразылық шарасы болып өтті. Иран астанасындағы жартылай ресми ақпарат көздері хабарлағандай, наразылыққа Теһрандағы түрлі жоғарғы оқу орнында оқитын 50 студент қатысты. Бұл студенттердің Иран астанасындағы бірінші наразылығы емес. Қазан айының басында президент М.Ахмадинеджадтың сөйлеуі жоспарланған студент қалашығының бірінде 100-ден аса студент президенттің үзеңгілестерімен және полициямен қақтығысып қалды.
XS
SM
MD
LG