Accessibility links

Ресейдің сыртқы істер министрі Теһранда Иран президентімен келіссөз өткізуде


ТЕҺРАН: Кеше Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров Иранның ядролық бағдарламасына қатысты проблема бойынша Иран президенті М.Ахмадинеджадпен келіссөз жүргізе бастады. Ол туралы Ресейдің сыртқы істер министрлігі хабарлайды. С.Лавровтың Теһрандағы бұл келіссөзі осыдан бірнеше күн бұрын Ресей президенті В.Путиннің Иранға қарсы жаңа санкция қабылдаған АҚШ-ты өткір сынға алуынан кейін басталып отыр. Ресми Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасының түпкілікті мақсаты ядролық қаруға қол жеткізу деп есептейді, ал Теһран оны теріске шығарумен келеді.
XS
SM
MD
LG