Accessibility links

Қазақстанның алтын-валюта қоры соңғы айлардың ішінде 3.7 пайызға “азайды”


АСТАНА: Үстіміздегі жылдың 9 айында Қазақстанның халықаралық қоры 37.1 млрд. долларды құрады. Ол туралы кеше үкімет мәжілісінде республиканың экономика және бюджетті жобалау министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады. Оның атап көрсетуінше, Ұлттық мұнай қорының қаржысын қоса есептегенде, 2007-нші жылдың 9 айы ішінде елдің халықаралық қоры 11.7 пайызға өскен. Оның ішінде Ұлттық мұнай қорының активі 32.6 пайызға ұлғайып, 18.7 млрд. долларға жетсе, ал Ұлттық банктің қоры 3.7 пайызға азайып, 18.4 млрд. долларды құрады. Ұлттық банк қорының құлдырауына соңғы айларда ішкі нарықта шетелдік валютаның сатылуы басты себеп болған.
XS
SM
MD
LG