Грузия сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Грузия мен оның сепаратистік Абхазия аймағымен арадағы шекарада Ресейлік бітім күштері Грузияның 3 полиция қызметкерін ұстап алып ұрып-соққан. Министрліктің өкілі Шота Утиашвилидің мәлімдеуінше, қолдары байланған әлгі полицелер бейтарап территорияда табылған. Олар әбден соққыға жығылған, дейді Утиашвили. Ал осы аймаққа төтенше сапар жасаған Грузия президенті Михаил Саакашвили ресейлік бітім күштеріне мұндай оқиға Ресей мен Грузия арасында үлкен арандатуға алып келуі мүмкін деп ескертті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?