Accessibility links

Тольяттидегі автобустың ішінде болған жарылыстан негізінен студенттер қаза тапты


САМАРА: Бүгін Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Самара облысында Тольятти қаласындағы автобустың жарылысынан қаза болғандарды аза тұтады. Қаза тапқан 8 адам анықталды. Көпшілігі Тольяттидің мемлекеттік университетінің студенттері. Жапа шеккендердің саны 63-ке жетті. Сәрсенбі күні таңертең жолаушы лық толған авобустың ішінде қуаты 2 келі тротилға тең жарылғыш іске қосылды. Басты жорамал бойынша, бұл террористік қастандық. Жарылысты жанпидашыл-террорист іске асыруы да мүмкін. “Терроризм”, “жаппай кісі өлтіру” және “жарылғыш заттарды заңсыз сақтау” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
XS
SM
MD
LG