Accessibility links

Грузин премьер-министрі Грузияны “демократиялық ел” деп санайды


ЛОНДОН: Грузияның премьер-министрі З.Ногайдели осы аптаға белгіленген бүкіл елдегі жаппай шеруге жол бермеу мақсатында өзі бастаған үкіметтің қарсыластарымен ымыраға бармайтынын мәлімдейді. Кеше Лондонда “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында грузин премьері: “Грузия өзінің негізгі бағыт-бағдарын белгіледі, біз елді қабылданған заңдарға сәйкес басқарамыз”, -деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, оппозицияның бірнеше мыңдық шеруіне бола үкімет өзінің ұстанған бағытын өзгертпейді. Ногайделидің сөзіне қарағанда, Грузия демократиялық мемлекет, яғни өзінің саяси көзқарасын білдіруге жұрт ерікті. Тбилисидің сыртқы саясатының басты мақсаты – НАТО-ға мүше болып қабылдану деп мәлімдейді Грузияның премьер-министрі.
XS
SM
MD
LG