Accessibility links

Қырғызстан билігі белгілі журналист Алишер Саиповтың исламшыл ұйымдармен байланысы бар деп отыр


Қырғызстанның оңтүстігінде атып өлтірілген белгілі журналистің өлімінен кейін, Қырғыздың Ішкі Істер министрі тегі өзбек ол адамды исламшыл топтармен жақын байланыста болған деп айыптады. 26 жасар Әлішер Саипов өз мақалаларында көрші Өзбекстан билігін сынап келген. «Азаттық» тілшісінің хабарына қарағанда, журналистің жақын достары Қырғыз билігінің Саиповтың террористік топтармен байланысы болған дегенін жоққа шығарып отыр.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі сейсенбі күні таратқан мәлімдемеде, Ош қаласында атылып өлтірілген журналист Әлішер Саиповтың Өзбекстандағы Ислам қозғалысы мен тыйым салынған Хизб ут Тахрир ұйымдарымен байланысы болған деген болжам жасайды.

Саиповтың достары оның өліміне тапсырысты Өзбекстанның барлау агенттіктері берді деп айыптайды. Және олар журналисті өлтірген адамды табу жөніндегі тергеу амалдарына оның байланыстарының қатысы қандай дегенді айтады. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің өкілі Бақыт Сейтов министрлік бұл айыптау мәлімдемесі туралы «Азаттыққа» берген түсініктемесінде, Саиповтың заңмен тыйым салынған исламшыл топтармен байланысы былай тұрсын, ол Өзбекстанның қуғында жүрген оппозиция жетекшісі Мохаммад Солихпен жақсы байланыста болған дейді.

Министрліктің баспасөз хабарламасында, Саипов Өзбекстанның Ислам Қозғалысының жетекшісі Юлдашпен кездесіп, одан бірнеше рет ақша алып тұрған деп жазылған.

Министрлік ол дәлелдерді Саиповтың кеңсесіндегі кітаптардан алынғанын айтады. Онда Ерк партиясының жетекшісі оппозиционер Мохаммад Солихтың кітаптары, және Хизб ут Тахрирдың үнпарақтары мен кітіпшалары табылған. Қырғыз билігі сонымен қатар, Саиповты 2005 жылғы Өзбек күштері басып тастаған Әндіжан көтерілісінен кейін қашып жүрген Қабыл Парпиевтің Қазақстанға шығып кетуіне көмектескен.

Және де Қырғызстан министрлігі Саиповтың 2006 жылы Қырғыз полициясы өлтірген ислам дінінің жетекшісі Мухаммадрафиқ Камаловтың баласымен байланысы бар деп отыр. Журналист Әлішер Саипов Саясат газетінің редакторы, әрі Америка даусы радиосының тілшісі, сонымен қатар Азаттық радиосына да үлес қосқан.

Кейбір бақылаушылар мен Саиповтың достары оның өлімінің саяси астары бар деп біледі. Журналист Саиповтың өзі жақында әріптестеріне Өзбек қауіпсіздік қызметінің адамдары өзін аңдып жүргенін айтқан. Сонымен қатар, Өзбекстандағы аймақтық мемлекеттік телеарналар 30 минуттық бағдарламасында Алишер Саиповтың әрекеттері туралы айтып, ол елдегі жағдайды тұрақсыздандыруда деп айыптаған. Достарымен кездесуінде Саипов өзіне біреулер журналистік қызметіңді таста деп қорқытқанын айтқан.

Саипов бірнеше рет сұхбат алған Өзбекстан Ислам қозғалысының мүшесі Азаттықтың Өзбек қызметіне берген сұхбатында аты жөнін айтқысы келмеді. Бірақ, ол Саиповпен өз қозғалысының жетекшілері байланыста болды дегенді жоққа шығарып отыр:

“Мен Алишерді 2005 жылдан бері білемін. Біз екі немесе үш рет кездестік. Бірақ, оның Тохир Юлдашпен ешқандай байланысы жоқ. Ол ешқашан да Юлдаштан қаржылай немесе басқа да қолдаулар алған емес. Ол Юлдашты ешқашан көрген де, сұхбат алған да емес”.

Сонымен қатар, Әлішер бірнеше рет сұхбат алған Өзбекстан оппозициясының шетелдегі жетекшісі Мохаммад Солих та журналистің өлімінің артында Өзбекстан билігі тұр деп айыптады. Ол өзінің Саиповпен бірнеше рет кездесіп, Ерк партиясының мүшелері Өзбекстан президенті Ислам Каримов желтоқсандағы сайлауларда президенттіктен кетуге шақырған үнпарақтар берген мойындады:

“Ол шын болуы мүмкін. Біз ол үнпарақтарды Өзбекстанға таратқанбыз. Оның біразы Ош қаласындағы өзбектерге берсін деп Әлішерге де берілген. Біз өткен айдағы газетімізде бірінші рет, сіздің мерзіміңіз аяқталды, кетіңіз деп жариялағанбыз. Оның ешқандай қылмыстық мазмұны жоқ. Ол керісінше Каримовтың президенттік мерзімі аяқталды, ол орнынан кетуі керек деген көп адамның талабын айғақтайды. Өз талабымызды білдіру біздің құқымыз”.

Ал, Саипов туралы Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қатысты, Қырғыз премьер-министрі Алмазбек Атамбаевтың Социал-демократиялық партиясы Ішкі Істер министрлігі Өзбек билігінің қысымы астында отыр деді. Партияның саяси кеңесінің мүшесі Әділ Тұрдықұлов, көршілермен жақсы қарым-қатынасы Саиповтың өлімін тергеуге кедергі болмауы керек деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG