Орталық сайлау комиссиясының төрағасы желтоқсанда өтетін сайлауды бақылайтын шетелдік бақылаушылардың санын қысқартуға байланысты Батыстың сынына қарсы уәж айтты. Ресей 31-қазан күні Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 70-ке жуық бақылаушы шақырған болатын, бұл 2003 жылғы сайлауды бақылауға қатысқандардың санынан әлдеқайда аз. ОБСЕ мен Ақ үй Ресейді бақылаушы санын азайтты деп сынға алуда. Ал Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чурков Ресей бақылаушыларды жеткілікті шақырды деп атап көрсетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі