Accessibility links

Н.Назарбаев Төтенше жағдайлар министрі В.Храпуновты қызметінен босатты


АСТАНА: Қазақстан президентінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, кеше мемлекет басшысының жарлығымен В.Храпунов Төтенше жағдайлар бойынша министр лауазымынан босатылды. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласы мен облысындағы құрылыс нысандарының заңға сәйкестігі мәселесін талқылаған үкімет мәжілісінде премьер-министр К.Мәсімов Алматы қаласының төңірегінен жер телімдерін заңсыз бөліп бергені үшін министр В.Храпуновты, Жер ресурстарын басқару агентігінің төрағасы Б.Оспановты және Алматы әкімінің 2 орынбасары мен Алматы облысыың 2 ауданы әкімін қызметтерінен босатуды ұсынған болатын.
XS
SM
MD
LG