Accessibility links

Пәкістан президенті оппозицияға қарсы қатаң шаралар қолдануда


Пәкістан билігі бір күн бұрын президенттің төтенше жағдайлар енгізу жөніндегі жарлығына қоғамдық наразылық таныту туралы ұсыныс білдірген оппозиция жетекшілері мен белсенділерін қамауға алды. Сенбі күні Первез Мүшарраф елде төтенше жағдайлар жариялап, Конституцияның жұмыс істеуін, негізгі азаматтық ережелерді тоқтатып Жоғарғы соттың жаңа төрағасын бекітті. Адвокаттар мен журналистер, оппозиция белсенділері елдің барлық аймағында Мүшаррафтың мұндай қадамын айыптаған кең көлемді ереуілдер өткізуге шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG