Қазақстан президентінің сапары барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселелерін жақсартуға арналған бірқатар құжаттарға қол қойылмақшы.
«Атап айтқанда, Қазақстан мен Сирия арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ауыл шаруашылығы саласындағы меморандумға, сондай-ақ екі елдің астаналары Астана мен Дамаск арасында серіктестік қарым-қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылады», - дейді Ильяс Омаров.
Президент Н.Назарбаев сапар барысында Дамаскідегі Әл-Фараби зираты басына барып, сонда Қазақстанның қаржысымен салынатын Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталықтың іргетастарын қалау рәсіміне қатысады және Дамаскідегі Бейбарыс сұлтан кесенесін қайта қалпына келтіру жұмысының барысымен танысады. Мәдени мұра бағдарламасы бойынша жүргізілетін бұл екі жобаға арнап Қазақстан үкіметі 4,6 млн доллардың қаржысын жұмсамақшы дейді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің өкілі Ильяс Омаров.
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаевтың пікірінше, Қазақстан үшін араб әлеміндегі Сирия секілді авторитарлық жүйедегі елмен байланыс орнатып, қарым-қатынас жасағаннан ешбір пайда болмайды, яғни Сириянңың Қазақстанға берер түгі де жоқ.
«Бұл қаншама тарихы мен мәдениеті өте ескіден келе жатқан ел болса да, ол елдегі авторитарлық жүйе елдегі саяси және экономикалық жағдайды жоғары деңгейге апара алмай отыр, сондықтан Қазақстан басшылығы бұдан қорытынды жасау керек», - дейді ол.
Ал Қазақстанда шығатын «Мысль» журналының бас редакторы, журналист Сейдақмет Құттықадам Қазақстан мен Сирия арасында бұндай қарым-қатнастың жандануы екі жаққа да тиімді болмақ деген ой білдіреді.
«Әсіресе, екі халыққа да ортақ Әл-Фараби және Бейбарыс сұлтан секілді тұлғалар тұрғандықтан біз-бірімізді жақсырақ білуіміз керек», - дейді ол.
Қазақстан президенті Н.Назарбаев Сирия Араб еліндегі ресми сапарын аяқтаған соң, қарашаның 7-сі күні Біріккен Араб Әмірлігіне де сапармен бармақшы.