Accessibility links

Буш Түркияға күрд бүлікшілерімен күресте көмектесуге уәде берді


АҚШ президенті Буш Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен Ақ үйдегі кездесуден соң, Күрд жұмысшылар партиясын лаңкестік ұйым деп сипаттап, ол Түркияның ғана емес, Американың да жауы деп атап көрсетті. Оларға қарсы күресте көбірек көмек көрсетеміз деген президент, жексенбі күні Күрд жұмысшы партиясының тұтқынындағы түрік әскерлерінің босатылғанына қуаныш білдірді.

- Түрік премьер-министрінің жақсы басшылығының нәтижесіндей түрік жауынгерлері бостандыққа шықты. Мен бұл оның іскерлігі деп білемін, ол біздің үкіметпен үнемі келіссөздер жүргізді. Біз бірге жұмыс істеген кезде, барлық мәселені де шешеміз, - деді президент Буш.
XS
SM
MD
LG