Accessibility links

Орталық Азияда супер континент құру мақсатында құны $19 млрд жоба қолға алынды


Орта Азия мен оның көрші аймақтарының ресмилері мен қаржыгерлері әлемдегі ең ежелгі сауда жолының бірі- Жібек жолын қалпына келтіруге келісті. Ол жоспар бұрынғы жолды жөндеп, Еуразияның жүрегіндегі сегіз ел сауда-саттық жүргізе алатындай жаңа жол ашуды қарастырады. Бұл туралы Душанбеде Азия Даму Банкі ұйымдастырған екі күндік конференцияда көтеріліп, оған 19 млд доллар бөлу көзделді.

Жібек жолы шығыс пен батысты байланыстырып, Қытайдан, Грекияға, одан Рим империясында сауда жолын жүргізген жол еді. Керуендер биік таулар мен шөл дала арқылы бірнеше мыңдаған шақырым жерге дейін жүріп, бірнеше ай сауда-саттық құрған. Олар бұл жолмен тек жібек қана алып өтпей, шай-пай, керамикалық заттар, ақша, сондай-ақ, алтын, күміс және түрлі қымбат тастар әкелген. Кейінірек теңіз жолдарының ашылуынан Жібек жолы әлемдік картадан жоғалып, сөйтіп Еуразияның жүрегіндегі белгілі жол ұмытылып кетті.

Азия Даму Банкі сол ескі жолды қалпына келтіру үшін бұл аймақтағы сегіз елдің үкіметіне көмектесіп отыр. Аталмыш банк бұл қадамын жолдарды, әуежолдарды мен темір жол мен теңіз порттарын жөндеп, аймақты Еуропа мен Азия арасындағы сауда үшін маңызды тасымал жолына айналдыру деп түсіндірді.

Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық бастамасына қатысушылар Ауғаныстаннан оңтүстікке қарай, Әзірбайжаннан батысқа дейін, Моңғолия және Қытайдың батысындағы Шыңжаң Ұйғыр Автономиясынан шығысқа дейін, Орта Азия елдері Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері кіріп отыр. Азия Даму Банкінің ресмилері оған Түркіменстанды да бұл бастамаға қосылуға шақырғанын айтады.

Азия Даму Банкінің Орталық және Батыс Азия бойынша аймақтық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Роберт Си Душанбеде өткен конференцияға қатысқан.

Азаттықтың тілшісіне берген сұхбатында ол, Азия Даму Банкі мен аймақтағы елдердің жоспары туралы былай деді.

“Негізінде, біз тасымалдау стратегиясын өткен ғасырлардағы Жібек жолын қайта құру ретінде көріп отырмыз. Белгілі бір деңгейде ол Еуропа мен Азия арасындағы және нақты Орталық және Оңтүстік Азияарасындағы көпір ретінде Орта Азияда қайта құрылады. Сондықтан ол дәліздердің құрылуынан біз іс жүзінде Еуропа мен Азияны байланыстырып қандай да бір деңгейде аймақта бірнеше жылға экономикалық өсімді қалыптастыратын айтарлықтай экономикалық басымдығы бар суперконтинентті көріп отырмыз”.

Азия Даму Банкінің атап көрсетуінше, Еуропа мен Қытайдың арасындағы Орталық Азия арқылы қазіргі сауда-саттық бір проценттен аз, оның қалғаны теңіз арқылы шығып жатыр. Бірақ, Роберт Сидің айтуынша, бұл Еуропа мен Қытай арасындағы заттарды тасымалдайтын күре жол жаңа Жібек жолын жасау мәселесі ғана емес. Оның сөзіне қарағанда, біріншіден, ең бастысы жаңа бағыт жобасына қатысушы елдер күшею керек.

“Бүгінде бұл елдердің көбі басты шикізат өндіруші елдер. Бірақ, ол елдердің мүмкіндігі тауарлардың басқа түрін шығару мен дамыту. Олардың айтарлықтай мүмкіндігі бар. Мәселен, ауылшаруашылық саласына қатысты өнеркәсіптік өңдеу жұмыстарында. Және бұндай жолдардың қайта құрылуы мен жолдардың қысқаруы бұл елдерді жаңа өнімдерді кең көлемде шығаруда бәсекелес етеді. Менің пікірімше, бұл тасымал стратегиясының беретін үлкен мүмкіндігі”.

Бұл сауда-саттық жүргізетін Жібек жолын қайта қалпына келтіруге алғашқы кезекте қанша қаржы керек дегенге, Азия Даму Банкі оны 19 млд доллар деп шамалап отыр. Және аймақтағы сегіз елдің үкіметтері ол жобаны аяғынан тұрғызуға қатысады деп күтеді. Бұл тұрғыда сарапшылар, Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан оған қиындық деп қарамайтынын, ал Қырғызстан, Ауғаныстан, Өзбекстан үшін ондай қарсы салу мүмкін емес болып көрініп отырғанын айтады.
XS
SM
MD
LG